Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады
28 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған oldkaz.kyzylorda-news.kz.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.