Аралдық түлектер ҰБТ тапсыруда
Бүгін №262 мектеп-гимназия ғимаратында Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің кезеңдік шарасы басталды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Шараның ашылу рәсіміне қатысқан Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов түлектерге қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.
Одан соң ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің ереже талаптарына сай өтуіне жауапты өкіл Дәуренбек Жұбай сөз алып, оқушылардың маңызды сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектестігін білдірді.
Бұл сынаққа аудан бойынша 414 түлек қатысуда. Тестілеу шарасына қатысып жатқан оқушылар аудандағы мектеп бітірушілердің 56 пайызын құрап отыр.
Айта кетейік, биылғы жылдан бастап Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді өткізуге енгізілген өзгерістер арқылы мектеп бітіруші түлектердің жыл көлемінде бірнеше рет бақтарын сынауына мүмкіндік жасалуда.