Қызылордада өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған азамат ұсталды
Қызылордада өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті азамат анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, жауап алу барысында ол өзінің кінәсін толығымен мойындады» делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тексеру амалдары жүргізілуде.