27 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын жауады
27 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстіктегі кей жерлерінде қатты нөсер жауады, тек батыста, оңтүстік-шығыста к.н райы ашық болады. Сондай-ақ, еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшеді. Оңтүстікте найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы, дауыл соғыуы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында найзағай күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, күндіз екпіні 29 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15 м/с күшейеді.