Қызылордада Тұңғыш Президент саябағында 2100 ағаш отырғызылды
Тұңғыш Президент саябағында 1800 адамның қатысуымен "Нұр-Сұлтан қаласы - болашақтың қаласы" атты ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Акция барысында 700 терек, тал, үйеңкі - барлығы 2100 ағаш отырғызылды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасы астанасына жаңа атау берілуіне орай Қызылордада "Алғашқы астанадан сәлем!" атты аймақ белсенділері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен концерт-акция өтті.