Астана қаласын Нұр-Cұлтан деп атау өте орынды – Серік Дүйсенбаев
Еліміздің астанасын Елбасы есіміне беруіне орай сырбойылық жастар ұйымдары бас қосты, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

«Қалаға көшбасшылар есімін беру тек әлемде емес, өз мемлекетіміздің аумағында да орын алған. Мысалы, Жамбыл қаласы болды, Сәтбаев қаласы, Абай қаласы деп атақты кісілер есімімен аталған. Сондықтан Сыр жұртшылығы Астана қаласын Нұрсұлтан деп атауы өте орынды дейді. Сыр елінің ардагерлері толықтай қуаттайды», - дейді Nur Otan партиясы облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі Серік Дүйсенбаев.