Қызылордада бұршақ жаууы мүмкін
«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 26-28 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
26 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шквал, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.
Қызылорда қаласында 26 наурыз күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі, шквал күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100 %.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.