Қызылордада "Алғашқы астанадан сәлем!" атты концерт-акция өтті
Қазақстан Республикасы Елордасының жаңа атауына орай Қызылордада "Алғашқы астанадан сәлем!" атты аймақ белсенділері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен концерт-акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Шараға облыстық «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Жандос Базартай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазыбай Құдайбергенұлы, Қазақстан Халық Ассамблеясы «Орыс қауымдастығының» облысы бойынша филиалы төрағасы Владимир Толоконников, ақын және қоғам қайраткері, облыстық мәслихат депутаты Шәкизада Әбдікәрімов қатысты.
Сондай-ақ, белгілі ақын, екі дүркін "Алтын домбыра" иегері Мұхтар Ниязов арнау орындады.
Іс-шара облыстық филармония әртістерінің мерекелік концертімен аяқталды.