Елорда – татулық пен ынтымақтың ордасы
23-наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын «Нұр-Сұлтан» деп қайта атау туралы Жарлығы шықты. Мұеы мен қуанышпен қабылдадым. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ел Тәуелсіздігін қалыптастырудағы ересен еңбегін айтып тауысу мүмкін емес. Татулық пен ынтымақтың ордасына айналған елорданы салуда да қажырлы қызмет етті. Астанадағы әрбір құрылыс жобасын ақыл әрі жүрек таразысынан өткізді. Соның нәтижесін көріп отырмыз. Көркіне көз тоймайтын сәулетті ғимараттар, елдің игілігіне берілген инфрақұрылымдар,, бәрі-бәрі Елбасының еңбегі. Небәрі жиырма жыл ішінде шағын қала мегаполиске айналды. Мұндай бұрын-соңды тарихта болмаған құбылыс.
Сондықтан, Тұңғыш Президенттің есімін елордамен байланыстыру, мәңгілік ету – орынды шешім.
Басқаны айтпағанда, білім саласының даму қарқыны көз алдымызда көрініп тұр. Елбасының бастамасымен, қолдауымен бәсекеге қабілетті 21 ғасырдың жастары тәрбиеленді. Олар үш тілді тең меңгерген, білімді, аңғарымпаз. Мұғалімдердің де мәселесін назардан тыс қалдырмады. Ұстаздың беделін, мәртебесін көтеретін заң әзірлеуді тапсырды.
Енді Елбасының ісін ізбасары жалғастырмақ. Демек бұған дейінгі ұлы мақсаттар елге болашақта да қызмет ете бермек.
Әлияш Ршымбет,
ардагер-ұстаз.