Еңбегі еленген Елбасы
Қазақстан Республикасы егемендігінің айшығы болып табылатын Елордамыз әрбір қазақстандық үшін мақтаныш пен абыройдың бейнесі секілді. Өзінің сұлулығымен, көркімдігімен, тарихи және стратегиялық маңыздылығымен Сарыарқаның төрінен орын тепкен бас қаланың Біз үшін алар орны ерекше.
Осы орайда, Елдің Ордасын қалау идеясының генераторы, жаңа қазақстандық тарихтың бастамашысы болған Елбасымыздың Ерен Еңбегін елемеу мүмкін емес.
Демек, Ел Орданың атауын ауыстыру бір стратегиялық шешім болса, оның атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту оның жалғасы іспеттес.
Бұл шешім – алпауыт мемлекеттермен терезесін теңеп, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуді мақсат еткен Қазақстан үшін тарихи және әділетті деп есептеймін.
Ендеше, өткеннен сабақ алып, келешекті бүгін ойлайтын қазақстандықтарды Елорданың жаңа атауымен шын жүректен тебірене отырып құттықтаймын!
С. Бердібекұлы,
№266 мектеп-лицей директоры