Қызылордада Жібек жолы даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев атына ауыстырылды
Бүгін Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 39 сессиясы болып өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Сессия отырысында депутаттар Жібек жолы даңғылын ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есіміне ауыстыру туралы шешімді бірауыздан қолдады.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында облыс орталықтарындағы басты көшелерге Нұрсұлтан Назарбаев атын беруді ұсынған болатын.