Қызылорда облыстық сотында Наурыз мерекесіне орай салтанатты шара өтті
Қызылорда облыстық сотында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев сот ұжымын мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Салтанатты жиын барысында ҚР Тұңғыш Президентінің Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары, Жастар жылы туралы сөз қозғалды. Сонымен бірге Наурыз мейрамының тарихы мен маңыздылығы айтылды.
Мерекелік бағдарламада Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының арнайы дайындаған үлкенді құрметтеудің әдебі ретінде сот қызметкерлерінің сәлем салу үрдісінің сахналық қойылымы көрсетілді. Шырқалған әсем әндер көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында қатысушылар түрлі тағамдар қойылған мерекелік дастарханға шақырылып, наурыз көжеден дәм татты.