24 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез таяқшаларын ашқан күнінің (1882) құрметіне орай атап өтіледі. 1998 жылғы қарашаның 16-сына Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы шықты. Онда туберкулезбен күрестің негізгі шаралары анықталып берілді. Қазақ Ұлттық медицина университеті Т.Ә. Момыновтың басшылығымен Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) қолдауымен туберкулезбен күрес жөніндегі халықаралық бағдарламаны орындап отыр. Бағдарламаға Люксембург денсаулық сақтау министрлігі, Швецияның Корольдік академиясы, Токионың медицина мектебі, Гамбургтегі Медициналық білім академиясы сияқты шетелдік ұйымдар тартылды.
Қазақстанда жыл сайын 20-27 мың адам туберкулезге шалдығады. 4-6 мың адам қайтыс болып, 3 мыңы мүгедектікке шығады.
НАТО-ның Югославияға қарсы агрессиясы барысында құрбан болғандар мен жапа шеккендерді еске алу күні. 7 жыл бұрын (1999) НАТО-ның Югославияға әскери операциялары басталды.
1995 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін» атты 1-құрылтай сессиясына қатысты. Онда Қазақстан қоғамын экономикалық және саяси реформалауға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Құрылтай отырыстарында мемлекеттік құрылыстың: Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді нығайту секілді маңызды мәселелері көтерілді.
2000 жылы Қызылорда облысының Жаңа Қазалы қаласына Әйтеке би есімі берілді.
2005 жылы Алматыда «Жаңалықтар уақыты-2004» атты бірінші республикалық ақпараттық бағдарламалар бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды. Ең үздік репортаж аталымын - Шымкент қалалық «Отырар» телеарнасы, ең үздік тележүргізушілер аталымын - Алматыдағы «Таң» теларнасы, ең үздік ақпараттық ұжым және ақпараттық бағдарламадағы арнайы репортаж аталымын - Қызылорда қалалық телерадио компаниясы, ең үздік дизайн және әрлеу аталымын - Астана қалалық РТВ арнасы, ең үздік апталық сараптамалық бағдарлама аталымын - Алматыдағы 31-арнаның «Состояние kz.» бағдарламасы, ал радиодағы ең үздік күнделікті ақпараттық бағдарлама аталымын - Қарағанды қаласының «Қарағанды NS радиосы» жеңіп алды.
2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Финляндияның Ақ Раушаны» және «Финляндия Арыстаны» ордендерімен марапатталды. Бұл жоғары марапат Қазақстан басшысына екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға және халықаралық қауіпсіздікті сақтауға қосқан зор үлесі үшін табыс етілді.
2016 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті VI шақырылымының бірінші сессиясына шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.