Наурыз көжені қалай дайындайды?
Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті асты Наурыз көже деп атап кеттік. Оған дәстүр бойынша жеті түрлі дән қосады. Тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты дәнмен қатар ақ қосады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті деп есептелінгендіктен, наурыз көжеге әдетте жаңағы аталған жеті түрлі дәм қосылады. Сондай-ақ, ол - тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы болып танылады.
Төменде осы Наурыз көжені даярлау әдістерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Құрамы:
1 келі ет
Қазы, қарта
100 грамм бидай
100 грамм күріш
100 грамм жарма (перловка)
100 грамм тары
Тұз
3 литр су
1 литр айран
Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып,. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға айранмен қосып араластырыңыз.
Наурыз көже құрамы:
0,5 кг жылқы еті
100гр қазы
0,5кг қой еті
2,5лит су
100 грамм бидай
100 грамм күріш
100 грамм жарма
100г тары
тұз;
айран-1 стақан;
құрт
Наурыз көже дайындау тәсілі:
Етті жуып, қазанға суға саламыз. Су бір қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз. Ет піскенше отын басып қоямыз. Күріш, бидай, жарма тарыны қосып, пісіреміз. Барлығы піскен соң айранды құйып жақсылап араластырамыз.