Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 25 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Бүгін өзіңізді төреші ретінде сезінесіз. Жақындар мен әріптестердің бірі сізді жанжалдың ортасына түсіруі ғажап емес. Басыңыз бәлеге қалмас үшін біреудің жанжалына араласпаған жөн.
Торпақ
Бүгін жетістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңізді талдау керек. Өзіңізге адал баға берген жөн. Біреудің пікіріне құлақ аспаңыз, басқа адамның не көздейтінін білмейсіз.
Егіздер
Бүгін негізгі жұмыстан басқаның бәріне көңіл бөлесіздер. Дегенмен өзіңізді дер кезінде қолға алып, тікелей міндетіңізді атқарып, үй шаруасымен айналысыңыз.
Шаян
Таңертеңнен бастап іске кірісесіз. Оймен талай істі аяқтап тастайсыз. Ойыңызды тезірек жүзеге асырыңыз, өзіңізді шектемеңіз. Түстен кейін белсенділігіңіз артады.
Арыстан
Бүгін ішкі наразылығыңыз артады. Бұған ерекше мән бергеніңіз дұрыс. Не нәрсеге көңіліңіз толмайтынын анықтасаңыз, жағдайды өзгертудің мүмкіндігі пайда болады.
Бикеш
Бүгінгі күн сіз үшін сәтті болады. Түстен кейін әрекеттеріңізді бақылауда ұстаңыз. Әрбір қадамыңызды ойланып барып жасаңыз. Өмірлік қуатыңыз қазір тасып тұрғанымен, оны бос қиял мен жанжалға жұмсаудың қажеті жоқ.
Таразы
Бүгін ерекше әсерлер көп болады. Жаңа табыс көзін табуыңыз ықтимал. Бірақ табыс өздігімен табылмайды, алдымен тер төгу керек екенін ұмытпаңыз.
Сарышаян
Бүгін шабытыңызға ерік беріңіз. Шығармашылығыңыздың жемісіне басқалардың көңілі толмаса да, өзіңіз риза боласыз.
Мерген
Бүгін адамдармен көп араласпаған дұрыс. Біріншіден, энергияңыз сарқылады. Екіншіден, сіз жайында көп сын айтылуы мүмкін.
Тауешкі
Басқа адамдарға қатысты жоспарлар мен тапсырмаларда шектен шықпаған жөн. Қаншалықты шындықты айтқыңыз келсе де, өзіңізді тежеген дұрыс. Себебі шындықты айтамын деп жақындарыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін.
Суқұйғыш
Бүгін қажет емес нәрсеге көңіл бөлмеуге тырысыңыз. Әрине, жұмыс ешқайда қашпайды, бірақ өздігімен де істелмейді. Сондықтан уақытты бос сөзбен өткізбей, жұмысыңызды істеңіз.
Балықтар
Бүгін сізді басқалар бақылауда ұстағысы келеді. Ақыл-кеңес беретіндер көбейіп кетеді. Ондай адамдарға қарсылық көрсетіңіз, ашуға бой алдырмаңыз.