Елбасына адами бағыт, ұзақ ғұмыр тілеймін
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәлімдемесі ел тарихындағы аса бір елеулі оқиға, салиқалы да салмақты ақыл ойдың жемісі деп бағалар едім. Мәлімдемені естігенде, көз алдыма өзім қатарлы ұрпақтың 30 жыл бұрын басынан өткерген саяси да әлеуметтік, экономикалық кезеңдері тізіліп тұра қалды... Жан дүнием үлкен бір қуатты дүмпуден дір еткендей күй кештім...
Біз көрген кезеңдегі – жаңадан Тәуелсіздік алған жылдардағы еліміздің жәй-күйін қай тұрғыдан алсақ та халықтың жақсы білетіні анық. Сондай кезеңнен қазақ елін бүкіл әлем білетіндей дәрежеге жеткізген, өз халқын жан жүрегімен сүйе жүріп, оны әлемдік аренаға алып шыққан – парасатты, ақыл – ой кемеңгері, ұлтының адал ұлы Елбасы екені дүние жүзіне аян. Бүгінгі жарқын өмірді өз халқына – денсаулығын, ақыл-ойын, ішкі парасат-пайымын жұмсай жүріп қалыптастырған ұлт көшбасшының бұл шешімі де – асқан парасаттылықтың, кемеңгерліктің, болашақты болжай алатын кемелділік, даналықтың белгісі дер едім. Мәлімдені тыңдай отырып, XXI ғасырдың аса ойшыл, ел басшысының ұстанымын, көрегендігін паш еткен тарихи оқиғаның куәсі болғанымды толқып тұрып, жан дүнием сөгіліп тұрып мойындауға тура келгенін айтқым келеді. Кім не десе, о десін! Біз барды бағалай бермейтін халықпыз. Етектен тартуды Абай өмір сүрген заманнан бері де онан әрі де, бүгін де қоя алмай келеміз. Ал, осы өмір сүрген уақытымыз қазақ халқының Алтын дәуірінің басы, оның қалыптасуының басында Елбасы тұрғанын әлі талай ғасыр өтсе де өскелең ұрпақ айтып жүретін болады.
Елбасы – халқымызды әлемге танытқан, саяси ареналарда алпауыт мемлекеттердің өзі ығысып жол беретін, санасатын, ақылдасатын, одақтас болуға ұмтылатын мемлекетке айналдырған тұңғыш Қазақ болды.
Мен сол үшін де сыйлаймын! Ел президентінің кезінде алға қойған міндеттері мен бағдарламаларының өміршеңдігінің арқасында Қазақстан халқы әлі талай биіктерді бағындыратын болады. Елбасына адами бағыт, ұзақ ғұмыр тілеймін. Алланың сүйіктісі, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқының адал ұлы, биік тұлға болып мәңгі қалады.
Қаршыға ЕСІМСЕЙІТОВА,
Қазақстан Жазушылар одағы
Қызылорда облыстық
филиалының директоры, ақын
тележурналист