Жауын, жел, тұман - сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 20 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстіктің кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі, Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел соғады.