Елбасы: Алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде өзінің жаңа міндетін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халқымыздың қамы - менің мүддем болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізде жаңғырту процестерін жалғастыратын болады», - деді Президент.