Қызылордада туберкулезге қарсы күреске 3,4 млрд. теңге қаржы бөлінді
Қазақстанда туберкулез тегін емделеді. Туберкулездің алдын алу, анықтау мен емдеу кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде жүргізіледі. 2019 жылы аталған дертке шалдыққан азаматтарды емдеу мен әлеуметтік көмек көрсетуге мемлекеттік бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы.
Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Қызылорда облысы бойынша туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 2 495 (ҚР - 35 181) адам диспансерлік есепте тұрған, олардың ішіндегі 998 (ҚР -14 874) пациент белсенді түрімен ауыратындар. 2018 жыл аралығында 422 (ҚР - 8 942) адам туберкулезді жаңадан жұқтырған.
Пациенттердің басым бөлігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында (3 604), Алматы облысында (3 311), Шығыс Қазақстан (2 860) және Қызылорда (2 495) облыстарында тұрады.
Дер кезінде анықталып, тиісті ем-дом жасалса туберкулезді толық емдеп жазуға болады. Сондықтан ауруды асқындырмай, емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындаудың маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2000 және 2016 жылдар аралығында туберкулезді ерте анықтау мен емдеу нәтижесінде әлем дәрігерлері 53 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалған.
Туберкулездің қарапайым түрін емдеуге шамамен 6 айға жуық уақыт кетеді. Қазақстанда бұл ауру интеграцияланған бақылау стратегиясы бойынша емделеді. Бақылаудың бұл түрі туберкулездің жабық түрімен ауыратын науқастардың емханада амбулаторлық ем қабылдауына мүмкіндік береді.
Руслан Бектібаев атап өткендей, туберкулездің алдын алу үшін емханада тұрақты тексеруден өтіп тұру қажет. Тексеру мен екпе егу кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін жүргізіледі:
•БЦЖ вакцинасы –туғаннан кейін бірнеше күн ішінде салынады;
•7 мен 14 жас аралығында БЦЖ-дан ревакцинация жасалады(екпе екпес бұрын – Манту сынамасын салып, организмнің реакциясын тексереді);
•флюорографиялықскрининг (ересектерге, жыл сайын);
•көрсетілімдер болса: рентгенография жасау.