20 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер
1994 жылы Алматыда Польша Елшілігі ашылды.
2006 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік комиссия Қазақстанның саяси жүйесін жаңарту және еліміздегі демократиялық өзгерістерді тереңдету мәселелері жөніндегі жалпыұлттық үндесуді дамыту мақсатында құрылды.
2008 жылы Алматыда Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы «Тұлға» атты орыс тіліндегі естеліктер кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта ұлы тұлғаның қызметтес әріптестерінің, көз көрген еңбек адамдарының, қоғам қайраткерлерінің естеліктері беріліп, Дінмұхамед Ахметұлының азаматтық тұлғасы, адамгершілік қасиеттері, кісілік келбеті, қызметтегі бейнесі көрініс тапқан. Сонымен қатар бұған дейінгі еңбектерде болмаған Қонаевтар отбасының құнды суреттері берілген. 2 000 данамен шыққан туынды «Санат» баспасының директоры, белгілі қаламгер Серік Әбдірайымұлының құрастыруымен жарық көрген. Кітаптың таныстырылымына қатысқан Кеңес Аухадиев, Роза Ахметқызы, Элдар Қонаев, т.б әріптестері мен туыстары естеліктер айтты. Кітаптың құрастырушысы Серік Әбдірайымұлының сөзіне қарағанда, Қонаев жайлы қандай пікір айтсақ та жарасады. «Біз әлі Димекең жайлы жан-жақты айта алмай жатырмыз. Ол болашақтың ісі ғой деп ойлаймын. Бүгінгі кітапта әртүрлі саладағы Димаш Ахметұлымен бірге қызмет істеп, көзін көрген қарапайым жұмыскерден Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының естеліктеріне дейін берілген», деді жазушы. Бұған дейін ұлы тұлғаның өз қаламынан туған қазақ-орыс тілдеріндегі «Өтті дәурен осылай», «Ақиқаттан аттауға болмайды» шығармалары, сондай-ақ Серік Әбдірайымұлының «Елу жыл ел ағасы» атты еңбегі жарық көрген болатын.
2009 жылы «Қазпошта» АҚ көктем мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы аумағында «Наурыз» сериялы пошталық марканы айналымға шығарды. Маркаларда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты көріністер бейнеленген. Ол төрт түспен безендірілген офсеттік тәсілмен басылған. Өлшемі - 50 х 38 мм, тиражы - 30 000 дана. Маркалар Бейжің пошталық төлем белгілер фабрикасында басылды. Безендіруші - Николай Соколов.
2010 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тұй-ұқұқ және Теркін атты байырғы түркі ескерткіштерінің ашылу салтанаты өтті. Түркі қағанатының бас қолбасшысы болған Тұй-ұқұқ атты батыр тұлғаның ерлік істері туралы баяндайтын екі тас ұстыны Күлтегін ескерткішінің жанында орналасса, Біріккен түркі қағанатын құрған Ел-етміш Білге Тұр-айын есіміне арналған Теркін ұстынының бірінші ескерткіші Еуразия ұлттық университетінің «Жазу тарихы» мұражайында қойылды. Тұй-ұқұқ (646 - 738 ж.ж.) - Елтеріс Құтлұғ қағанмен бірге 679 жылы Тан патшалығына қарсы көтеріліп, II Түркі қағанатын орнатқан тұлға. Ол үш бірдей қағанның - Елтеріс Құтлұғ, Қапаған және Білге қағанның кеңесшісі әрі қағанат әскерінің бас қолбасшысы болған. Зиялы қайраткер «ел абызы» атанған. Тұй-ұқұқ - шығыста Тан патшалығының солтүстігіндегі Шандунға, ал батыста Темір қақпаға (Дербент) дейінгі аралықта 10 мың шықырымдық жорық жасап, 22 мәрте алапат соғысқа қатысып, атақ-даңққа бөленген қаһарман сардар. Аталған ескерткіш қазіргі Моңғол жеріндегі Туул дариясының бойында 739 жылы орнатылған. Ескерткіштерді жасанды тастан қашап шығарған алматылық шебер - Қырым Алтынбекұлы. Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін ұлы қолбасшы, түркі тарихының жарқын тұлғасы Күлтегін батырдың өміріне арналған деректі фильм көрсетілді.
2012 жылы Түркиядағы Қазақстанның елшілігінде Қазақ-Түрік дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 20 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті.
2012 жылы Берлинде қазақстандық бастаманы қолдау мақсатында «Жасыл көпір» шаралары өтті. Оған Еуропаның беделді табиғатты қорғаумен айналысатын ұйымдары қатысты.
2012 жылы Қазақстанда энергияны үнемдеудің барлық талаптарына жауап беретін ең алғашқы терможаңғыртылған тұрғын үй іске қосылды. Бұл -Қарағандының Н.Әбдіров көшесіндегі №9 үй. Оның жылыту жүйесінде ауа райына тәуелді автоматикасы бар автоматтандырылған жылу пункті орнатылған. Бұдан басқа, ыстық судың сапасын ауызсу сапасына дейін арттыруға мүмкіндік берген жергілікті су жылыту пункті орнатылды.
2014 жылы Алматыда ҚР халық жазушысы, алғашқы қазақстандық гимн авторларының бірі Тұманбай Молдағалиевтің құрметіне соңғы жылдары тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылды.
2014 жылы Түркістанда «Тарлан» спорттық жекпе-жек және спорттың күштік түрлеріне арналған әмбебап дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Бұл нысан өңірлердегі спорттық инфрақұрылымдарды дамыту жөнінде федерация президенті Т.Құлыбаевтың берген тапсырмасына орай қабылданған бағдарлама аясында алғашқы іске асқан дене шынықтыру және сауықтыру кешені.