Қызылордада мектеп директорлары демалыс бөлмесін жасақтап алған
Қызылордада 335 білім беру ұйымдарына тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

«Алдағы уақытта бұл кабинетті үлкейту жоспарда бар. Келесі оқу жылында кабинетті үлкейтіп, әрі қарай жұмыс жүргізе береміз. Оқушылар саны 400-500-ге жеткізу жоспарда бар», - дейді №136 мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы Қалдыгүл Жұмабекова.
Ал мыңнан астам бала білім алатын №233 орта мектеп басшысының жоғарғы қабаттағы жайлы бөлмесіне бастауыш сынып оқушылары жайғасып алды. Директордың өзі мектепке кіреберістегі киім ілетін орынды жаңғыртып, жарақтандырып, сонда орналасты. Жалпы өңірдегі мектеп директорлары жазғы демалыс уақытында түгел төменгі қабатқа түсетін болады.
«Мектепке келген ата-ана басшы кабинетін іздеп жүрмейді, бірден 1-қабатта кездесіп, өзінің ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алады. 2-3 қабатта орналасқандардың 30 шақтысы қазір 1-қабатқа орналасып, артық алаңдары жойылды. Оларда қосымша білім беру үйірмелеріне оның ішінде музыканы, ІТ технология және ҰБТ-ға дайындау курстары, үйірмелерге босатып беріп отыр», - дейді МҚІСЖҚА департаменті басшысысының орынбасары Берікбол Байхожаев.
Түрлі деңгейдегі әкім-қаралар да енді жұрттан бөлектенбей, қызметкерлерімен бірге отырады. Қала іргесіндегі Тасбөгент кентінің әкімі мен орынбасары өңірде алғаш болып қымталған қабырғасын бұздырып, кабинетін әйнекпен көлегейлеп қойды. Мақсат халықпен ашық, жариялы түрде жұмыс істеу.