Қызылордада студенттер үйі салынады
Қызылордада студенттерге арналған жатақхана салу жоспарланған, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, қазір елордада 17 мың студент жатақханаға зәру.
«2018 жылы Астанада хостелдерді колледж студенттеріне лайықтау бойынша байқаулар басталған. Бірақ талаптар жөнінен біраз сұрақтар туындады. Жалпы Студенттер үйі ретінде қолдануға болатын ғимараттарын ұсынған кәсіпкерлер де бар еді. Әкімдіктегілер жағдайы жақсы хостел иелеріне осындай жобаларға қатысу мүмкіндігін арттыратындай шарт жасауы керек деп ойлаймын», - дейді қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы Айгүл Садықова.