Ғалымдар барлық диетаға ортақ қателікті тапты
Егер диета кезінде суды жеткілікті мөлшерде ішпесеңіз, нәтижесі сіз күткендей болмауы мүмкін, деп жазады Sputnik.
Калифорния университетінің ғалымдары диета ұстау кезінде салмақ тастауға кедергі келтіретін қателікті тапты.
Егер суды қажетті мөлшерде ішпесеңіз, қанша жерден қарақұмықты айранға араластырып жеп, грейпфрут диетасын ұстасаңыз да нәтиже сіз күткендей болмауы мүмкін.
Суды өз алдына көп мөлшерде тұтыну салмақ тастауға жеткіліксіз болады. Бірақ диетаға кезінде ол көмектеседі.
Ғалымдар бұл әсіресе ерекше диеталар, оның ішінде, етті көп жейтіндер үшін маңызды екенін атап өтті. Мұндай жағдайда ағзада сұйықтықтың қажетті мөлшерде болмауы салмақ тастау тиімділігін төмендетіп қана қоймай, бүйрекке зиян келтіруі мүмкін.