Республикада Қызылорда белсенді жастары көп облыстың бірі
Статистикалық мәліметтер бойынша Қызылорда облысындағы орташа халықтың жасы – 28,8 жасты құрайды. Осы көрсеткіштер бойынша облыс Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысынан кейінгі үшінші орында, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

«Елбасымыздың биылғы жылғы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршамызға белгілі. Жастар халықтың қоғамдық белсенді топтарының бірі болып табылады, демографиялық жағдайға серпін береді. 2018 жылдың 1 қаңтарында облыстағы жастардың саны 190,1 мың адамды немесе халықтың 24,3% құрайды. Қала халқының құрылымындағы жастардың үлесі 42%, ал ауыл жастары 58% және 52% ерлер, 48% әйелдер құрайды», - деді Мәриям Баекеева.
Сонымен қатар, туу көрсеткіші бойынша 2017 жылы 15-29 жас аралығындағы әйелдер 11922 баланы дүниеге әкелген.
Ал, 16-29 жас аралығында некеге тұрған ерлер 74%, ал әйелдер 86% құрады. Ең белсенді некеге тұру жасы ерлер арасында 23-27 жас, әйелдер арасында 20-24 жас болып отыр.
Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылында 10660 студент жоғары оқу орындарында оқыса, оның 52% немесе 5526 әйелдер, магистранттар -431 адам (әйелі 186) және 43 докторанттар (әйелі 15) құрайды.
2018-2019 оқу жылында арнайы орта оқу орындарындағы 14-29 жас аралығындағы 21002 жастар білім алуда, оның 9755-і әйелдер құрайды.