Жастарды қолдаудың Жол картасы таныстырылды
Жастар жылында жүзеге асырылатын жұмыстардың Жол картасы әзірленді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Жалдамалы пәтерге ие болудың негізгі қағидасы – азамат 29 жастан аспауы тиіс. Міндетті түрде жұмыс істеуі қажет. Бағдарламаға заңды түрде еңбек ететін кез келген жас қатыса алады. Бұл – әзірге пилоттық жоба. Нәтижесін көрсетіп жатса, жастарға арналған жалдамалы пәтерлер тек ірі 3 қалада емес, еліміздің өзге де өңірлерінде салынады», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов