Қызылордада әскери қызметке шақыру науқаны басталды
Қызылордада көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
«Облыс әкімінің 2019 жылғы 01 наурыздағы № 1343 қаулысына сәйкес, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды», – делінген облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы таратқан ақпаратта.
Атап айтқанда, осы жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына Қызылордан облысынан 18 азаматтан тұратын бірінші команда жөнелтілді.