Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басым өңірде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.
Атырау, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.