"Қызылорда су жүйесінің" директоры тағайындалды
2019 жылдың 5 наурызынан бастап "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры болып, Марат Шахматұлы Жәмиев тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Еңбек жолын 1991 жылы "Водоканал" басқармасының цех басшысы ретінде бастаған.
2004-2009 жылдары "Қызылорда су жүйесі" МКҚК бас инженері, директоры;
2009-2012 жылдары "Таза су құрылыс" ЖШС бөлім басшысы, "Арда - Құрылыс" ЖШС директоры;
2012 жылдан осы кезге дейін Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясында бөлім басшысы, филиал директорының орынбасары қызметін атқарып келді.