«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ «STOP ҚЫЛМЫС» АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ
«STOP-Қылмыс» партиялық жобасы шеңберінде «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері Қызылорда ЖІІБ ювеналдық полиция бөлімшесі мамандарымен бірлесе Қызылорда қаласының Шұғыла мөлтек ауданындағы теміржол өткелдері маңында тұратын тұрғындар үшін акция өткізді.
Теміржол өткелінен өтушілермен арнайы әңгімелесу өткізіліп, бақытсыз жағдайлар болдырмауды алдын алу жөнінде ақпараттық буклеттер таратылды. Жолдан өту ережесінде заң бұзушылықтардың көбісі осы теміржолда орын алатыны да жасырын емес. Тіпті жолдан өткендердің 20 пайызының құлағында құлақ қап, әзер тоқтап жатқандары да болды, делінген партияның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетерлік, қалған 80 пайыз қала тұрғындары акцияның өткізілуіне түсіністікпен қарайтынын, бұрынғы жол асты жолдары апаттық жағдайда болғасын жабылғанын айтты, мүмкін болса адамдар өтетін аспалы көпір немесе жер асты жолдар жасалса деген ұсыныстарын білдірді.
«Осындай маңызды акциялар - қоғамның назарын аударып, жүргіншілерді жеке қауіпсіздігін, жол ережесін сақтауға шақырады. Сондықтан, біз оны әріқарай жалғастырамыз».-деді «Теміржол» филиалының «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Рақымжан Уайсов.