Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың айырылысып кеткені рас па?
Қырағы жанкүйерлер Аша Матайды Арман Қоңырбаев жайлы сұрақтың астына алды. Көпшіліктің пікірінше әртістер қиын кезеңді бастан кешіп жатыр, тіпті бөлек тұрып жатуы да мүмкін, жазады 365info.kz.
Әртістердің ренжісіп қалғаны туралы қауесет ерлі-зайыптылардың әлеуметтік желілерде бір-біріне жазылушылар қатарынан өшіріп тастағаннан кейін және бірлескен суреттерін көптен бері жарияламай кеткеннен кейін тарады.
Тіпті Аша Матайдың 8 наурыз мейрамы да әдеттегідей емес өтті: гүл шоғымен түскен суреттің орнына актриса барлық әйелдерді мерекемен құттықтап, тек өзінің суретін жариялады.
Жұлдыздың суретіне қарап, жазылушылар Ашаның сәл шаршағанын байқаған.
Арман Қоңырбаевқа келер болсақ, ол Әйелдер күнін анасының және әпкесінің ортасында атап өткен. Ашаның немере сіңлісі Айсәуле Бақытбектің ұзату тойында да, үйлену тойында да Арман көрінбеді.