Қызылордалық кәсіпкерлер – Ташкентте
Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтіп жатқан Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумына облыс әкімінің орынбасары Е.Ким бастаған делегация қатысуда, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Аталған іс-шара аясында «Қазақстанда жасалған» өңірлік бәсекеге қабілетті тауарөндірушілердің сауда-өнеркәсіптік көрмесі ұйымдастырылып жатыр.
Шара Қызылорда облысының Өзбекстан Республикасына азық-түлік пен ауыл шаруашылығы тауарларын, химия өнеркәсібі мен жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін экспорттауға және осы тауарлар тобы бойынша жеткізілімдерді ұлғайтуға бағытталып отыр.
Қазіргі сәтте жергілікті 17 тауарөндіруші кәсіпкерлер өнімдерін көрмеде таныстыруда (Күріш, ұн, бал, құрылыс заттары, кілемшелер және т.б.).