Қызылордада 515 жас биыл алғаш рет кәсіби білім алады
Білім алушыларға кәсіптік колледждердің есігі ашық, деп жазады oldkaz.kyzylorda-news.kz Astana арнасына сілтеме жасап.

«Бұл жастарды қолдау комиссиясы әрбір квартал сайын бір мәрте өткізіліп тұрады. Бір отырыста жастардың арасында кәсіпкерлікті дамыту, оған қандай мәселелер кедергі болып жатыр. Одан кейін біздер, жастарға, тиімді тұрғын үйлер, қалай оңтайландырамыз, осының әдістері. Сол салаға жауапты мемлекеттік орган, яғни, атқарушы билікті комиссияға шақырып, атқарып жатқан жұмыстарын тыңдап және де өзіміздің ұсыныс-пікірлерімізді білдіреміз», - дейді «Жас отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес.