Отыз жастан кейін жеуге болмайтын 10 азық-түлік
Диетологтар жас келген сайын адам ағзасы кей азық-түліктерді нашар сіңіретінін мәлімдед. Америкалық диетологтар 30 жастан кейін қандай азық-түліктерден аулақ болу керектігін айтты, - деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Ең қауіпті өнімдердің қатарында қант бар. Ол коллаген және эластин талшықтарын зақымдап, теріге зиян келтіреді.
Сондай-ақ, мамандар ақ наннан бас тартуға кеңес береді, себебі онда ешқандай пайдалы зат жоқ.
Балаларға беруге болмайтын 9 зиянды тағам
Диетологтар соустардан аулақ болуға және дәмдеуіштерді таңдау кезінде сақтық танытуға кеңес береді.
Сонымен қатар, дәрігерлер макароннан толығымен бас тартуға шақырып отыр, өйткені олардағы глютенді 30 жастан асқан адамдар нашар сіңіретін көрінеді.
Ағзаға зиянды тағамдардың арасында чипсы мен фастфуд та бар. Өндірушілер олардың дәмін жақсарту үшін түрлі синтетикалық хош иістендіргіштер мен қоспалар қосады.
Ең зиянды сусын ретінде диеталық газдалған сусындардың аты аталды. Мамандар олар қатерлі ісік жасушаларының дамуын жеделдетеді дейді, сондай-ақ ағзаға нашар сіңеді, тіпті күйзеліске түсіруі де мүмкін.
Зиянды өнімдердің антирейтингісін дайын кондитерлік өнімдер түйіндеді. Басылымның мәліметінше, олар дәрумендердің ағзаға сіңуіне кедергі келтіріп, ас қорыту жүйесінің жұмысын баяулатады.