Қарағұсова: Балаларға кедергі болмас үшін, қарттарға арналған үй салу керек
Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова әріптестеріне қартайғанда тұратын кооператив салуды ұсынды.
Ол бұл идеясын аз қамтылған отбасыларға қолдау шараларын талқылау кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Зейнетті табыс ретінде есептесек, неге өмір бойы балаларын сүйреп жүрген қарттар енді немерелерін сүйреуге міндетті болуы керек?" - деді депутат.
Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қолданыстағы заңнамаға сай үй қожайындарының табыстары есептелетінін айтты.
"Егер жақын туыстары бірге тұрып жатса, бәрінің де табысы есепке алынады. Жақын туыстары деп "Неке және ерлі-зайыптылық кодексіне" енетін адамдарды айтамыз, олар - әжелер, аталар, бауырлар, әпке-сіңлілер, күйеуі, әйелі мен балалары", - деді Жақыпова.
"Демек, оларды үйден қууға мәжбүр етесіздер ме?", - деп сұрады Абсатиров.
Ал Гүлжан Қарағұсова бұл мәселе бойынша өз пікірін қосты: "Қуып қайтеміз? Бізге арнайы үй салу қажет, қартайғанда балалардың өміріне кедергі жасамай, сол жаққа барамыз. Бұл қарттар үйі емес. Бұл жеке кооперативтер болады. Бірнеше жыл өтсін, Татьяна Михайловна (қаржы вице-министрі Савельева - авт.) мен Татьяна Ивановнамен (Мәжіліс депутаты Яковлева - авт.) бірге сондай үй саламыз да, балаларға кедергі келтірмес үшін, сол жақта өз табысымызбен өмір сүруге кетеміз".