15 наурыз:Атаулы күндер мен оқиғалар
1991 жылы Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Наурыз мейрамы ресми мереке ретінде бекітілді.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі агенттігі туралы» Жарлығы шықты. 1999 жылы Жинақтаушы зейнетақы қорларына құйылатын міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстаудың және аударудың ережелері бекітілді.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен активтері 3,3 млрд долларға бағаланған ірі акционерлік қоғамдардың бірі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды.
2010 жылы Қазақстанда «Al Hilal» алғашқы ислам банкі ашылды. «Al Hilal» банкі Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметтері арасындағы келісім нәтижесінде құрылған. Исламдық қаржы жүйесін жүзеге асыру үшін еліміздегі Азаматтық және Салық кодекстеріне, банк қызметтерін қадағалайтын нормативтік-құқықтық актілерге бірқатар өзгерістер мен түзетулер енгізілді. «Al Hilal» банкінің мақсаты - исламдық банк ісінің профилін арттыру және Қазақстан экономикасының дамуына әсер ететін жобаларға қатысу. «Al Hilal» банкінің мамандары сақтандыру қызметтерімен ғана шектелмей, жергілікті тұрғындардың исламдық қаржы-қаражат бойынша сауаттылығын арттыруды көздеген семинар дәрістерін жүргізеді.
2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Табиғи монополиялар және реттелетін рыноктар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң табиғи монополиялар субъектілеріне және реттелетін рыноктарға қатысты тариф (баға) саясатын жетілдіруге, олардың қызметінің тиімділігін арттыруға, ұсынатын қызметтер сапасын ынтыландыруға, реттелетін салалардың инвестициялық тартымдылығын ұлғайтуға жағдай жасауға бағытталған.
2014 жылы Мемлекет басшысы «Реабилитациялау және банкроттық туралы» ҚР заңына қол қойды.
2017 жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің суреті 1909 жылдан бері шығатын танымал Boxing News журналының бірінші бетіне басылды. Журналдың сол нөмірі былғары қолғап шеберінің америкалық Дэниэль Джейкобсқа қарсы Нью-Йорктегі MSG аренасында 18 наурызда өткен кездесуіне арналды. 1811 жылы Австрия банкрот болып жарияланды.