Қызылорда халқының санында өсім бар
Қызылорда облысындағы халық саны 1,4 процентке өсті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz статистика департаментіне сілтеме жасап.
2019 жылдың 1 ақпанына облысымыздағы халық саны 795,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 352,5 мың (44,3%), ауылдықтар – 442,8 мың адамды (55,7%) құрады. 2018 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда халық саны 11,1 мың адамға немесе 1,4% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2019 жылғы қаңтарында туылғандар саны 1655 адамды құрады, бұл 2018 жылдың қаңтарына қарағанда 2,1% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 24,33 туылғандарды құрады.
2019 жылғы қаңтарындағы облыс халқының табиғи өсімі 2018 жылғы қаңтарымен салыстырғанда 65 адамға немесе 5,0% кеміп, 1240 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,23 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 415 адамды құрады, бұл 2018 жылғы қаңтарына қарағанда 7,2% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 6,10 қайтыс болғандарды құрады. 2019 жылғы қаңтарда облыста 1 жасқа дейінгі 15 нәресте өлімі тіркелді. 2018 жылғы қаңтарымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 11,7% азайған. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,06% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2019 жылғы қаңтардағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 3426 адам кетіп, облысқа 3304 адам келді. 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 7,8%, ал облыстан кеткендер саны 9,4% азайған.
Алыс және жақын шет елдерден 1 адам (2018 жылғы қаңтарында – 2 адам), республиканың басқа облыстарынан 840 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 780 адам келген болатын.
Облыстан 955 адам немесе жалпы көлемнің 27,8% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2018 жылғы қаңтарында тиісінше 983 адам немесе 25,9% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 8 адам, ал 2018 жылдың қаңтарында 1 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2019 жылдың қаңтарында 115 адамға, 2018 жылғы қаңтарында 203 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 2463 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2018 жылғы қаңтарында 2800 адам).