Амал мерекесі құтты болсын!
14 наурыз - Көрісу мейрамы. Бұл күні ел қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады, кеуде қағысады. Таң алакеуімнен әрбір шаңырақ дастархан жайып, мерекені асыға күтеді. Халық бір-біріне "Жаңа жасыңмен" деп тілек айтып, жаңа жылға аман-есен жетуімен құттықтайды. Осы ретте oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі ұжымы өз оқырмандарын 14 наурыз Амал мерекесімен құттықтайды.
Қадірменді оқырман, жаңа жастарыңыз құтты болсын! Амал оң болсын!
Ғылыми деректерге сүйенсек, ықылым заманда қазақтар Жыл басын 1 наурызда тойлаған екен. 1918 жылы Ресей Батыс Еуропа күнтізбесіне ауысады. Бұл екі күнтізбенің арасында 13 күн айырмашылық бар. Сонда бұрын 1 наурызда көрісетін қазақ енді 14 наурызда көрісетін болды. Абайша айтсақ осы күндері «қырдағы ел ойдағы елмен араласқан, күлімдескен, көріскен, құшақтасқан». Осы кезде айтылған ізгі тілек пен мейірім-қуаныштан тіпті Самарқанның көк тасы еріген деседі.