Жел, жауын, көктайғақ - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, кей жерлерде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел соғады.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді.