ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылорда облыстық хатшылығы мен Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы: этносаралық келісім мен татулықтың қазақстандық үлгісі» атты дөңгелек үстел өтті.
Қызылорда қазақ гуманитарлық-заң және техникалық колледжінде өткен дөңгелек үстелдің барысында тәуелсіз елімізде татулық пен тұрақтылықты сақтау, елдегі қоғамдық келісімді нығайту, облыс тұрғындары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін мен алдағы жоспарлары туралы мәселелер талқыланды.
Бас қосуға өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылары, этномәдени бірлестіктердің басшылары, зерттеу орталықтарының мамандары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен студент жастар қатысты.
Шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Оразбақов Сыр өңірі халқының көпэтникалық құрамының қалыптастыру тарихы жайлы сөз етті.
«Қызылорда облыстық еврей қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Л.Ли бірлестіктің Ассамблея жылында атқарар жұмыстарымен таныстырды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Сыдықова, Қызылорда қазақ гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің оқытушысы С.Мусабекова жастарды толеранттылыққа тәрбиелеу, жастар арасында этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді насихаттау мәселелеріне айрықша назар аударды.
Ауқымды шараның тақырыбы бойынша Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығының төрайымы Ә.Әбдіхалықова, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің І-ші хатшысы Т.Телеубаев, «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Сабанбаев, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы Н.Мұсаева ұтымды ойлары мен пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстелді қоғамдық келісім орталығының директоры Р.Ахметова жүргізіп, қорытындылады.