Гүлнұр Оразымбетованы сиыр сүзіп кете жаздады
Эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова кезекті түсірілім алаңы ретінде сиыр қорасын таңдап алған. Алайда, түсірілім кезіндегі әншінің қылығы халықтың ашуына тиді, деп жазады Жұлдыздар әлемі.
Биік өкшелі аяқ киіммен, қолына шелек ұстап қораны аралап жүрген Гүлнұрды кенет сиыр қуалай жөнелді. Өзіне таяу келмесе де, алыстағы сиырдың екпінінен шошыған Оразымбетова қорыққанын жасырған жоқ. “Бекер әкелдіңіз мына жерге” деп өкінішін де білдірді.
Сиырдан қорқып, сызылып тұрған әншіні оқырмандар аямай сынап тастаған. Пікірлер қатарын “Ауылдан шығып алып, аспаннан түскендей болып жүр ғой”, “тоже мне пиар”, “бұқаларға мода көрсетіп жүр” деген сөздер толтырды.