Ернар Айдар осы уақытқа дейін жанды дауыста ән айтып көрмегенін мойындады
Ернар Айдар алты жыл бойы түрлі форматта концерттер өткізіп келсе де, осы уақытқа дейін кештерінде бірде-бірде рет жанды дауыста ән шырқамағанын мойындады. Бұл туралы "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Осыдан алты жыл бұрын отандық шоу-бизнеске қадам басқан әнші 2019 жылы ғана тұңғыш рет жанды дауыста кеш өткізген.
"Осы уақытқа дейін себебі мен дайын болмадым. Мен о баста, әншілікке дайындалып жүрмін деп айтқанмын. Әр адам өзінің шамасына қарап жұмыс істейді. "Күшіңе көңілің сенбесе, көтерме көптің салмағын" дейтін керемет сөз бар.
Сондықтан неге күші жететінін адам өзі білу керек. "Көш жүре келе түзеледі" дейді ғой. Бұрын фонограммамен бердік. Ол кезде халықпен жұмыс жасауды үйрендік", - дейді Ернар Айдар.
Сондай-ақ әнші өзіне көпшіліктің қандай сын айтатынын да жасырмай, мәлім етті.
"Өнер жолында жайдан-жай жүре бермеші, Ернар" деген сұрақ көп қойылды маған. Шыны керек, өзіме де бір нәрсені қайталай беру қызық болмай кетті. Біреулер "Ернар анау, Ернар мынау" деп айтып жатады. Ол кемшіліктердің барлығы түзеледі. Бірақ уақыт керек. Мәскеу де бірден құрыла салған жоқ қой", - дейді әнші.