ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ УНИВЕРСИТЕТТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Тахир Оспанұлы Балықбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің базасында болып, бірқатар нысандарды аралады, - деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Сапар барысында вице-министр университеттің «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының ғылыми зерттеулер жүргізілетін қондырғылық паркін аралап, өңір мен еліміздің өндірістік, ғылыми мекемелеріне көрсетілетін қызметтермен танысты.
Сонымен бірге, университет жылыжайында болып, топырақсыз өнім өсіру технологиясы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды аралап көрді. Тахир Оспанұлы №5 студенттер жатақханасы мен «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде, «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу көрме залы мен «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залында болды, делінген хабарламада.