13 наурыз:Атаулы күндер мен оқиғалар
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Ливия Ұлы Социалистік Халық Араб Джамахириясы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.
2001 жылы Алматыдағы Қазақ сәулет-құрылыс академиясының студенттер жатақханасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш тақта орнатылды. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1966-1988) Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген.1986 жылдың күзінде жолдамамен Алматы сәулет-құрылыс институтына (АСҚИ) оқуға түседі. АСҚИ-дің бірінші жатақханасында тұрған Қайрат бірінші курс студенті болғанына қарамастан институттың қоғамдық өміріне белсене араласып кетеді. Сол кезде-ақ жас комсомолдар жасағының командирі, студенттік кәсіптік бюросының (профбюро) мүшесі болды.
1986 жылы 17-18 желтоқсанда Брежнев алаңындағы бейбіт шеруге қатысты. Сол үшін Қайрат шеруге шыққан достарымен бірге тұтқындалып, "18 желтоқсанда Мир (қазіргі Достық даңғылы) және Қаныш Сәтбаев көшелерінің қиылысында сойқандық жасап, Савицкийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады" деген айып тағылды, достарымен бірге сотты болады. Тергеу жұмыстары алты айға созылып, соңында Қайратпен бірге болғандар 4-15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады. Ал Қайрат алғашында ату жазасына кесілді. Кейіннен шетелдік ұйымдар мен қоғам қайраткерлерінің қарсылықтарынан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 28 сәуірдегі жарлығымен оған кешірім жасалып, сот үкімі 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
2003 жылы «Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кейбір мәселелері туралы» №244 ҚР Үкіметінің қаулысы жарыққа шықты. Қаулының негізінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрылды. Компанияға 19 машина жасау кәсіпорны мен салалық институттар кіреді. Олардың қатарында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Семей машина жасау зауыты» АҚ, «ҚР радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ, «Металлист» АҚ, «Бронды танк жөндеу зауыты» кәсіпорындары бар.
2009 жылы Семейде Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаған Бақытжан Жұмаділовтің «Полигон» атты кітабының тұсауы кесілді. Полигон - бұл бірнеше ұрпақтардың тағдырын өзгерткен Семей ядролық полигоны ғана емес. Автордың ойынша, адамдар арасындағы әлеуметтік және саяси қарым-қатынастар, жаһандық жылыну, экологиялық апаттар, халықтардың қоныс аударуы - бұл да полигон немесе тәжірибелік өріс.
2014 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.
2014 жылы Қазақстан мен Түркияның ғылыми-гуманитарлық ықпалдастығы аясында Хаджеттепе университеті және Анкарадағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бірігіп ұйымдастыруымен «Жібек жолы» кеңістігіндегі түркі елдерінің экономикалық ынтымақтастығы» атты симпозиум өтті. Симпозиум шеңберінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктеріне арналған фотокөрме, түрік тіліне аударылған қазақстандық кітаптар, соның ішінде Президент Н.Назарбаевтың таңдаулы шығармалары бар көрме ұйымдастырылды.