Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды
Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін — ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы.
2003 жылдан бастап 2004 жылға дейін — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының бас маманы, басшысы.
2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры.
2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары.
2008 жылдан бастап 2011 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012 жылдан бастап — Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары.
2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін — Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.
2018 жылғы ақпанынан 2019 жылдың ақпанына дейін — Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.