КӨПМӘДЕНИЕТТІ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ - «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ - ӘЛИМА ӘБДІХАЛЫҚОВА
Жалпыұлттық идея - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даңғылын Нұрлы жолға айналдырған қазақстандықтар еліміздегі татулық пен тұрақтылықты жалпы халықтық жетістік деп санайды, - дейді Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің директоры Әлима Әбдіхалықова.
«Қызылорда облысында 11 этномәдени бірлестіктер жұмыс жасайды. Осы бірлестіктермен тығыз байланыс жасау, жастар бойында толеранттылық және қоғамдық келісімге тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын дамыту М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің негізгі мақсаттарының бірі. Коллледжде жастарды толеранттылыққа, көпмәдениеттілікке баулу жұмысының ғылыми-теориялық негізі жасалып, арнайы модельі құрылды. Модель құрастыруда Мәскеуде ғылыми жұмысын қорғаған, қазіргі колледж оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты М.С. Мақашеваның «Қазақстандағы білім беру мекемелеріндегі оқушы тұлғасын қалыптастыруда көпмәдениеттілік тәрбиесі» тақырыбындағы ғылыми жұмысы негіз болды. Оқу орнында оннан астам басқа ұлт өкілдері білім алуда, олар: орыс, ұйғыр, түрік, шешен, кәріс, азербайжан, татар, тәжік, украин. Колледж облыстағы «Славяне» және басқа да ұлт өкілдерінің этномәдени бірлестіктерімен тығыз байланыста әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Атап өтетін болсақ, Наурыз, Масленица, Рождество, Тәуелсіздік және Конституция күндерін ұжым мүшелері аталған қоғамдық - мәдени бірлестіктермен бірлесе өткізуді дәстүрге айналдырған»,-деп сөзін бір түйіндеді колледж директоры.
Мұнан әрі ол: «Колледждегі бөлімдер басқа да этномәдени бірлестіктерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Олардың арасында «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімі Кәріс этномәдени бірлестігі, «Математика-физика» бөлімі Түрік этномәдени бірлестігі және «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі Татар этномәдени бірлестігі мен «Бастауыш білім беру» бөлімі Өзбек этномәдени бірлестігі бар. Наурыз мерекесінде колледж студенттері аты аталған славян, кәріс, өзбек, шешен қоғамдық-мәдени бірлестіктерімен бірлесе отырып, осы ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, ұлттық тағам түрлерінен, тұрмыстық бұйымдарынан, музыкалық аспаптарынан көрме ұйымдастырды. Мерекеде жастар орталық өкілдерімен орыс, өзбек, кәріс, шешен әндерін қосылып айтып, билерін биледі. Оңтүстік Кореядан арнайы келген қонақ Тян Ве Сук кәріс халқының нәзік те көркем биін билеп, көрермендерді таң қалдырды.
Жастарды басқа этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын сыйлауға баулу, ұлттық құндылықтар мен игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырылып жүрген шараларға колледж оқушылары белсенділікпен қатысып келеді және ол нәтижесіз де емес. Атап өтетін болсақ, Тіл мерекесіне орай өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Тіл - достықтың тірегі» атты сайыста колледж оқушысы Тамара Бицеева (шешен ұлтының өкілі) Астана қаласында өткен «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты республикалық Абай оқулары байқауының жеңімпазы атанды. Орыс тілі пәнінің оқытушысы Лиза Сүлейменова - техникалық және кәсіби білім беру оқытушылары арасында өткен пәндік олимпиада жеңімпазы атанды. Сол сияқты, колледж оқушылары Наргиз Азадова - облыстық көптілділік олимпиадасында І орынды иеленді. Шоманова Аружан - «Язык - ключ к знаниям» (Тіл - білім кілті) атты облыстық олимпиаданың жеңімпазы және IV республикалық орыс тілі пәнінен «Ой-сана» конкурсында арнайы дипломымен марапатталды. Көптілділік пен славян мәдениетін насихаттағаны үшін М.Мәметова атындағы колледж Ресейдің Қазақстандағы елшілігі атынан алғыс хатпен марапатталды. Лиза Сүлейменова Мәскеу қаласының ішкі экономикалық және халықаралық қатынастар департаменті және шет елдердегі отандастардың гуманитарлық іскерлік қатынастар орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен Қазақстан өңірлерінің орыс тілі оқытушыларының біліктілігін көтеру курсына қатысып келді. Колледждің «Славяне» қоғамдық - мәдени бірлестігімен тығыз серіктестік байланысы 90-шы жылдары басталды. Осы бірлестікпен атқарылған жұмыстардың бірі - жерлес соғыс және еңбек ардагерлерімен ұйымдастырылған «Есть память, который нет конца» атты кездесу кеші, Гетенің шығармалары бойынша «Сила благодатная созвучий слов живых» және «Абай и Пушкин сладостный союз поэта» атты поэзиялық кештері өтті. «Славяне» қоғамдық - мәдени бірлестігінің жетекшісі Г.С.Щербакованың ұсынысымен Ресейдің Қазақстандағы елшілігі атынан Жаңа жылдық шыршаға колледждің 20 қызметкерінің балалары Қызылорда қаласында ұйымдастырылған мерекеге қатысты.
«Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі - интеллектуалды ұлт қалыптастыру. Осы тұста этномәдени бірлестіктермен бірлескен жұмыстардың маңызы зор»,-деп сөзін қорытындылады Ә. Әбдіхалықова.