Наурыздың 12-сі күнгі ауа райы болжамы
Синоптиктер наурыздың 12-сі күнгі ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат мәліметтеріне сүйене отырып.
Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылып тұрады.
Республиканың батысында көбіне жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын болуы ықтимал.
Алматы облысында, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деген болжам бар. Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метр болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысында жел секундына 17-22 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.