Елімізде алдағы тәуліктерде күн 20 градусқа дейін жылынады
Синоптиктер 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Үш тәулік бойы антициклон Қазақстанның көптеген облыстарына ықпал етеді.
«Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты, ауа температурасы 0...+8°С градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12...+20°С градус болады. Бұл климаттық нормадан 4...10°С градусқа жоғары», - делінген хабарламада.
Тек республиканың батыс және қиыр солтүстігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыйтын атмосфералық фронттардың ықпалынан кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі.