СТУДЕНТТЕР ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ
12-24 қаңтар аралығында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенттері қысқы спорт түрлері бойынша Ақмола облысының Шучинск қаласындағы «Жасыл орман» шипажайы базасында оқу-сауықтыру жиынын өткізуде. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл қысқы спорттық-сауықтыру жаттығулары оқу жоспарына сәйкес жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген орталықта студенттер шаңғымен жүру дағдыларын, биіктен төменге сырғудың қыр-сырын, мұз айдынында конькимен сырғанау, хоккей ойынының әдіс-тәсілдерін жан-жақты меңгеруде.
Студент-жастарға дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының доценті Владимир Мощеев, аға оқытушы Серік Ержанов, оқытушы Шеризат Қуатбеков жетекшілік жасауда. Мұндай ауқымды шараның негізгі мақсаты –салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттың дамуына өзіндік үлес қосу.
Курортты аймақтағы студенттер қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылықтары жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Сабыр Өмірзақ, ФКС-14-1 оқу тобының студенті: - Біздің өңірдің табиғаты қысқы спорт түрлерін игеруге аса қолайлы емес. Осындай жағдайларды ескеріп университет басшылығының біздің оқу процесімізге бұл бағдарламаны енгізгеніне және дәстүрлі түрде жыл сайын жүргізіліп келе жатқанына мен өте қуаныштымын. Бұл біздің кәсіби шыңдалуымызға да, спортқа деген қызығушылығымызды одан әрі арттыруға да үлкен септігін тигізеді.
Нұрислам Амангелдиев, ФКС-14-1 оқу тобының студенті: - Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мұнда әсіресе табиғат өте керемет. Экскурсиялық бағыт бойынша Бурабайдың барлық керемет орындарын аралаймыз деп жоспарлап отырмыз. Спортқа деген қызығушылығымыз одан әрі арта түсуде. Теориялық тұрғыда алған білімімізді, тәжірибе жүзінде жүзеге асырып, қысқы спорт түрлеріне жан-жақты машықтанып жатырмыз. Барлығы жоғары деңгейде өтуде.