Қызылордада көпбалалы отбасыларға медициналық көмек көрсетілуде
Қызылорда облысының барлық медициналық ұйымдары соңғы 10 күннен бері жаппай «Ашық есік» күнін жариялады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Көпбалалы аналарға ашық есік жарияланыпты, ауылдық жерлерде, аудандарда ұйымдастырылып жатыр. УЗИ-ге түсіп тұрдым. Баланың денсаулығы жақсы», - дейді қала тұрғыны Анар Әшім.
«Көпбалалы аналарды қабылдауға барлық медицина ұйымдарында қоғамдық кабинеттер ашылды. Бас дәрігерлердің тарапынан белсенді жұмыстар жүргізу және осы медицина ұйымдарындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтармен қазіргі таңда үлкен істің басы атқарылып жатыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибізада Дүйсенбаева.