Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 94 адам сотталды
Қызылорда облысында соңғы екі жылда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша 88 қылмыстық іс тіркеліп, 94 адам сотты болып, заңсыз айналымнан 200-ден астам ойын автоматы тәркіленіп, жойылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Келтірілген мәліметтер облыстық прокуратурамен құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінен құрылған мобильді топ жұмысының нәтижесі болып табылады.
Мысалы, жедел-іздестіру шараларының барысында Қазалы ауданында – 1 және Қызылорда қаласының аумағында заңсыз ойын мекемелерінің желісін ашқан қылмыстық топ анықталған.
Нәтижесінде, ағымдағы жылы сот үкімімен олардың барлығы кінәлі деп танылып, 7 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылған.
Заңсыз ойын бизнесімен күрес жалғасуда.
Бұл жөнінде ақпараттар болған жағдайда азаматтар 8 (7242)26-20-06 сенім телефонына хабарласуларына болады, құпиялық кепілдігі бар.